Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері

15.03.2019

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 2019 жылғы 15 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» мерекесіне арналған іс-шара өтті. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған.

Осы күні Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін колледждің педагогтары, қызметкерлері және студенттері көрсетіп, сахнаның сәнін аша түсті.

Фестивальде қазақ, орыс, татар, өзбек, украин, әзірбайжан және поляк халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері әр ұлттың өз костюмінде көрсетілді.

Борки кентінің тұрғындары, колледждің ардагерлері, қонақтар мерекені тамашалап, жақсы әсер алды. Фестиваль ұлттық ойындармен, жарыстармен өз жалғасын тапты. Сонымен қатар Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас – Наурыз көже дайындалды, оған қоса ол - тоқшылық пен ырыс- құттың жоралғысы. Мерекеге келген барлық адамдарға наурыз көже, ыстық палау, бауырсақ, ыстық шай үлестірілді.

Колледждің студенттері мерекелік ән-шашумен қонақтарға жақсы көңіл күй сыйлады. Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін көрсету салты бойынша және ұлттық ойындармен, жарыстарда үздік деп танылғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік шара «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» облыстық газеттерінде жарық көреді.



Текст
Виртуальная приемная